Ультраклиа, 30 капс.

5
1 / 3
Ультраклиа, 30 капс.
5
Тауар туралы Сипаттамаға өту
Тауар коды
Түрі
Зрение
Өндіруші ел
США
Мемлекеттік тіркеу нөмірі
Құрамы

биофлавоноиды (смесь цитрусовых), стабилизатор гидроксипропилметилцеллюлоза (Е464), таурин, гавайская спирулина платенсис,  L-глицин, альфа-липоевая кислота, листья очанки, экстракт плодов черники, цинк, бета-каротин (дуналиелла), лютеин, ликопин, экстракт виноградных косточек, гинкго билоба, биоперин, L-глутатион, витамин А (ретинол пальмитат), медь, селен (L-селенометионин), зеаксантин

23900 ₸
Қолжетімді Көп
Сипаттама

Арт. 2020Т 
АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.Е.004805.03. 15 17.03.2015 
Құты 30 капс.

«Ультраклиа» табиғи өсімдікті кешені көру аппаратына қолдау көрсету үшін жасап шығарылды. Оның компоненттері арнайы биоқолжетімді нысандарда ұсынылды, сондықтан белсенді заттары барынша тиімді әрекет етеді.

Арасында белсенділігі жоғары табиғи бета-каротин ерекше орын алатын табиғи тектес биоантиоксиданттардың кешені көз макуласының, көз торының, көз бұршағының және көздердің тамыр жүйесінің қалыпты күйін ретке келтіреді, жоғары жүктемелер кезінде көздердің шаршауын басады, көздерді көгілдір және ультракүлгін сәулелердің теріс әсерінен қорғайды.

Өнімнің компоненттері құндылығы жоғары өсімдік ақуыздарының, амин қышқылдарының, биофлавоноидтардың және көру үшін өмірлік маңызды В тобының дәрумендерінің қосымша көзі болып табылады. Өнім компоненттерінің әрекет етуші компоненттері көздерді сау күйінде сақтап қана қоймай, көру атқарымының қалпына келуіне ықпал етеді, көзге ота жасалғаннан кейін ұлпаларының қалпына келуін жеделдетеді, ағзаға жалпы нығайтқыш әрекет етеді, иммундық жүйенің жұмысына қолдау көрсетеді, ағзаның бейімделгіш мүмкіндіктерін арттырады.

Клиникалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, «Ультраклиа» тиімді кешен болып табылады, оның компоненттері қанның микроциркуляциясын және көз аппаратындағы көзіші сұйықтығын ретке келтіреді, сондай-ақ бас миының жартышарындағы көру учаскесіндегі қалыпты қанағымды қалпына келтіреді, бұл антиоксиданттық айқын әсермен бірге көз ауруларының профилактикасы үшін, көздің шаршаңқылығымен және ымырттық көрудің нашарлауымен күресу үшін өте пайдалы.

Құрамы: бета-каротин (дуналиелладан алынған), А дәрумені (ретинол пальмитаты), N-ацетил цистеин, L-глицин, дәрілік көздәрі, альфа-жөке қышқылы, гаваялық спирулина, мырыш (L-Optizinc), қаражидек сіріндісі, ликопин (Lyc-o-mate™), лютеин (Floro Glo™), биоперин (қара бұрыштан алынған), гинкго билоба, L-глутатион, жүзім сүйекшелерінің сіріндісі, мыс (глюконат), селен (L-селенометионин), зеаксантин.

Ингредиенттердің қасиеттері:

Бета-каротин (дуналиелладан алынған) – қажет болу шамасына қарай А дәруменіне айналады. Күшті антиоксиданттық қасиеттерінің арқасында көздерді күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғайды. Көздеріне көп жүктеме түсетін адамдар бета-каротинді тұтынғаны жөн, себебі ол көз торының қалыпты жұмысы үшін аса маңызды.

А дәрумені (ретинол пальмитаты) – көру аппараты үшін аса маңызды, көздерге қолдау көрсетеді, көз торындағы жарыққа сезімтал заттың құрамдас бөлігі болып табылады, ымырттық көрудің бұзылуының алдын алу үшін, көздердің қабынуы мен құрғақтығын кетіру үшін, көздер жарқыраған жарыққа немесе отқа сезімтал болған кезде қажет.

Цитрус тәрізділердің биофлавоноидтары күшті антиоксиданттар болып табылады, қан жолдарын нығайтады, көру аппаратының жұмысын жақсартады, көз торына оң әсер етеді, әсіресе түнгі уақытта жарықты қабылдауды қамтамасыз ететін ақуыз – родопсиннің шығуын ынталандырады. Шамадан тыс жарқын түс, жарық жарқылдары, қоңыр түске ақ түстің түсуі, сонымен қатар теледидардың немесе компьютердің жарығы родопсиннің қорын азайтады.

L-глицин – бос радикалдардан қорғайды, дезинтоксикация реакцияларына қатысады, орталық жүйке жүйесіне қажет, бұлшықеттердің азғындау үдерісін тежейді, зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіруге ықпал етеді.

Дәрілік көздәрі – көптеген елдерде көздердің ауруларының профилактикасы үшін қолданылатын тиімді табиғи құрал ретінде мәлім, тітіркену мен қабынуды басады, зарарсыздандырғыш әрекет етеді, көздердің ұлпаларын нығайтады.

Альфа-жөке қышқылы – липид және көмірсу алмасуын реттеуге қатысады, холестериннің деңгейіне әсер етеді, бауырдың атқарымын жақсартады, уланулар кезінде уытсыздандыру әрекет етеді, антиоксиданттық қасиеті бар, басқа антиоксиданттардың әрекетін күшейтеді.

Гаваялық спирулина – көру жүйкесінің ауруларының профилактикасы үшін қолданылатын компоненттердің бірі; ақуыздардың, амин қышқылдарының, дәрумендердің, ферменттер мен хлорофиллдің керемет көзі. Ақуыз, липид және көмірсу алмасуын қалыпқа келтіреді; антиоксиданттық, иммунмодульдеуші, уытсыздандыру әрекет етеді; қан түзу үдерісндерін белсендіреді, ағзаның күйзелістерге төзімділігін арттырады. Ағзаны күш-қуатпен жылдам қамтамасыз етеді, ішек флорасын қалпына келтіреді, аллергиялық реакцияларды азайтады, жасартқыш әрекет етеді.

Мырыш (L-Optizinc) – сіңу үшін барынша ыңғайлы органикалық нысанда келтірілген. Көз бұршағының қалыпты жұмыс жасауы мен бүтіндігі үшін қажет. А дәруменінің деңгейіне, инсулиннің белсенділігіне, иммундық жүйенің жұмысына ықпал етеді, ақуыз бен ДНҚ синтезіне қатысады, жарақаттардың жазылуын жеделдетеді.

Қаражидек сіріндісі күндізгі және ымырттық көруді жақсарту үшін, сондай-ақ көру мүшелерінің жалпы күйін жақсарту үшін және көз ауруларының кешенді профилактикасы үшін дәстүрлі түрде пайдаланылады; көру мүшелерін қажетті қоректік заттармен қолдайды, алыстан көрмеушілікті азайтуға ықпал етеді, тор көзін нығайтады, антиоксиданттық әрекет етеді.

Ликопин (Lyc-o-mate™) – барлық мембраналық жасушаларды тотығудан керемет қорғайтын каротиноидтардың тобына кіреді, қан түзу үдерістерінде маңызды рөл атқарады, атеросклероздың дамуына жол бермейді, ас қорыту үдерісін қалпына келтіреді; ағзада қышқыл-сілті тепе-теңдігін қолдайды, бактерияларға қарсы және зеңдерге қарсы әрекет етеді. Катарактаның пайда болуы мен макуланың азғындауын профилактикалау үшін пайдалы.

Лютеин (Floro Glo™) – бұл кешенде арнайы патенттелген технология бойынша барқытгүлден алынған нысанда болады. Қалыпты көру үшін қажет, агрессивті жарық әсерін бейтараптандырады, жас ұлғаюына байланысты пайда болған көз ауруларының профилактикасы үшін маңызды рөл атқарады. Лютеин адам ағзасында синтезделмейді және ағзаға тағаммен бірге ғана келіп түседі.

Зеаксантин – бос радикалдардың түзілуін басуға қабілетті антиоксидант, бұл қасиеті көз торының бұзылуына және көз бұршағының бұлдырауына жол бермейді, көз бұршағын тығыздалудан және катаракта түзілуінен қорғайды. Тор көзіне сіңу арқылы зеаксантин көз ұлпаларында жиналады және көру аппаратын тиімді қорғайды.

Биоперин (қара бұрыш жемістерінен алынған) – қоректік заттардың биологиялық қолжетімдігін күшейтеді. Көздердегі қабыну және инфекциялық үдерістерге тосқауыл болады.

Гинкго билоба – тамыр кеңейткіш әрекет етеді, қан тамырларының қабырғаларының созылымдылығын арттырады, көз құрылымдарын қанмен қамтуды жақсартады. Антиоксиданттық әрекет етеді, ақыл-ой қызметін белсендіреді, ағзаның қартаюына байланысты күйлер кезінде, мысалы, есте сақтау, есту және көру қабілеттері нашарлаған кезде қолданылады. Жасушаларды қорғайды және энергетикалық алмасуды жақсартады. Жоғары психикалық-эмоциялық және дене жүкемелері кезінде, зияткерлік жүктеме – оқу, емтихан тапсыру, жобалау белсенділігі кезінде ағзаға қолдау көрсетеді.

L-глутатион – көз бұршағында жоғары шоғырланатын күшті антиоксидант, көздерді токсиндермен зақымданудан қорғайды және жас ұлғаюына байланысты көз макуласының азғындауына жол бермейді.

Жүзім сүйекшелерінің сіріндісі ағзаға айқын антиоксиданттық әсер етеді, иммундық жүйені белсендіреді, қабыну үдерістерін азайтады, жас ұлғаюына байланысты өзгерістерге жол бермейді. Жүзім дәндерінің құрамында бар проантоцианидиндер қан тамырларының қабырғаларын нығайтады және қанның шеткері циркуляциясын жақсартады.

Мыс (глюконат) – иммундық үдерістерге қатысады, олардың кейбір буындарын ынталандырады, антиоксиданттық қорғанысқа ықпал етеді, ұлпалардың жазылуын күшейтеді.

Селен (L-селенометион) – антиоксиданттық ферменттердің құрылысына қатысып, көру мүшелерін қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды, жас ұлғаюына байланысты көру қабілетінің нашарлауын тежейді. Өздігінен реттеу үдерісін күшейтеді, жасушалардың өмірлік циклін бақылайды, көру мүшелерінің аурулары кезінде жақсы емдік және профилактикалық әсер етеді, көздердің қабыну және инфекциялық үдерістеріне тосқауыл болады.

Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.

ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолдана алдында дәрігермен кеңескен жөн.



Сипаттамалары
Мемлекеттік тіркеу нөмірі
Тауардың салмағы, г
52
Бағыты
Улучшение зрения
Шығарылу түрі
Капсулы
Қаптамадағы саны, дана
30
Қарсы көрсеткіштері
Индивидуальная непереносимость компонентов продукта.
Жарамдылық мерзімі
24 месяцев

Қолдану

Қолданылуы:

  • Бета-каротин, аскорбиновая кислота, лютеин, ликопин, Е витамин, селен, ретинол ацетатының қайнары ретінде.
  • Антиоксиданттық статусты жақсартуға және оксидативті стрестің көз құрылымдарына зиян тигізуін алдын алуға.
  • Компьютерде қатты жұмыс істеген кездегі зияндылықты алдын алуға.
  • Күшті қатты сәулелену кезінде көзді қорғауға.
  • Көздің микроқұрылымдарының микротамырлық бұзылуын алдын алу құралы ретінде.
  • Құрғақ көз синдромын алдын алуға және кешенді емдеуге.
  • Катарактаны алдын алуға және кешенді емдеуге.
  • Глаукоманы алдын алуға және кешенді емдеуге.
  • Диабетикалық ретинопатияны алдын алуға және кешенді емдеуге.
  • Жастық сары дақ дегенерациясын алдын алуға және кешенді емдеуге.
  • Anti-age және beauty кешенді бағдарламаларда.

Қолдану ұсыныстары:

  • Ересектерге: Таңертең тамақ ішінде 1 капсуладан 1 рет, күніне. Қолдану мерзімі – 1 ай. Қажет болса, қолдану мерзімін ұзартуға немесе қайталауға болады.
  • Ересектерге: Таңертең тамақ ішінде 1 капсуладан 1 рет, күніне. Қолдану мерзімі – 1 ай. Қажет болса, қолдану мерзімін ұзартуға немесе қайталауға болады.
  • Жұмыс уақыты мен қарқындылығына байланысты 1-2 капсуладан 1-2 рет, күніне.
  • Күшті қатты сәулелену жағдайында болу уақытына байланысты 1-2 капсуладан 1-2 рет, күніне.
  • Ересектерге: Таңертең тамақ ішінде 1 капсуладан 1 рет, күніне. Қолдану мерзімі – 1 ай. Қажет болса, қолдану мерзімін ұзартуға немесе қайталауға болады.
  • Тамақ ішінде немесе тамақтан кейін 1 капсуладан 1-2 рет, күніне ұзақ мерзімге.
  • Ересектерге: Таңертең тамақ ішінде 1 капсуладан 1-2 рет, күніне. Қолдану мерзімі 2-3 ай. Қажет болса, қолдану мерзімін ұзартуға немесе қайталауға болады.
  • Глаукома пайда болу қаупінің немесе ауру сатысының дәрежесіне байланысты 1-2 капсуладан 1-2 рет, күніне ұзақ мерзімге қолдануға.
  • Ретинопатия пайда болу қаупінің немесе ауру сатысының дәрежесіне байланысты 1-2 капсуладан 1-2 рет, күніне ұзақ мерзімге қолдануға.
  • Дегенерация пайда болу қаупінің немесе ауру сатысының дәрежесіне байланысты 1-2 капсуладан 1-2 рет, күніне ұзақ мерзімге қолдануға.
  • Ересектерге: Таңертең тамақ ішінде 1 капсуладан 1 рет, күніне. Қолдану мерзімі – 1 ай. Қажет болса, қолдануды қайталауға болады.

Бірге сатып алу
Айлық жеңілдік
8 900 ₸
Жоқ
Ұсынамыз
12 900 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Белсенді өмір үшін биологиялық қолжетімді магний

В тобы витаминдерінің әсері күшейтілген магний — созылмалы стресс, жоғары физикалық және ақыл-ой жүктемелері, ұйқыға және демалысқа уақыттың жетіспеуімен байланысты заманауи адамның міндетті құралы. Бұл факторлар жүйке, жүрек-қан тамырлары және эндокриндік жүйелерді тоздырып, ағзаның энергетикалық әлеуетін төмендетеді.

Негізгі артықшылықтары:

  • Магний мен В тобы витаминдерінің тиімді комбинациясы.
  • Ағзаның стреске төзімділігін арттыруға ықпал етеді.
  • Жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын қолдайды.
  • Энергия деңгейін жоғарылатуға көмектеседі.
  • Жүрек-қан тамырлары жүйесінің функциясын қолдайды.
11 000 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Бір сауытта микроэлементтердің толық кешені бар

Микро- және макроэлементтер ағзада аса маңызды рөл атқарады. Олардың тапшылығы денсаулыққа және адамның хал-жайына дереу әсер етеді. «Спектрамин Про» табиғи тектес кешенінің құрамында осы тапшылықты өтей алатын макро- және микроэлементтердің толық кешені бар. Ағзаның тәуліктік қажеттілігін ескере отырып, жалпы нығайтқыш әрекет етеді, салқын тию мен басқа ауруларға төзімділікті арттырады, зат алмасу үдерістерін ынталандырады, сүйектерді, шаш пен тырнақтарды нығайтады. Жоғары дене жүктемесіне ұшырайтын, созылмалы күйзелісте болатын, сондай-ақ тамақтану рационы теңгерімсіз және экологиялық қолайсыз өңірлерде тұратын адамдар үшін ерекше маңызды.


12 000 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Паразиттерден күшті қорғаныс

Денені жетілген паразиттерден, олардың личинкалары мен жұмыртқаларынан тазартудың ерекше құралы патогендік және шартты патогендік формалардың 13 түріне қарсы күшті антифукнционалды әсерге ие.  Сондай-ақ ол Candida albicans және non Candida albicans  қатысуымен пайда болған тұрақты биопленканы бұзады және асқазан -ішек жолдарының дисбиотикалық бұзылыстарының асқынған жағдайларын жеңуге көмектеседі. Инвасап Про асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын қалпына келтіруге көмектеседі және шіру мен ашу процестерін басады. Нәтижесінде жалпы әл-ауқат, иммунитет жақсарады және адамның өміршеңдігі артады. 

Сатылым хиті
9 150 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Грейпфрут сүйекшелерінің сіріндісі негізіндегі жаңа, табиғи, өсімдік тектес кешен – антибиотиктердің баламасы және профилактиканың сенімді құралы.

ВИТАМАКС ұсынған Натурсептин (грейпфрут сүйекшелерінің сіріндісі) – бактерияларға қарсы, зеңдерге қарсы және вирустарға қарсы күшті әрекет ететін жаңа бірегей табиғи кешен. Ол зеңдердің 100-ден астам штаммдарының және вирустар мен бактериялардың 800-ден астам штаммдарының өсуі мен көбеюін тежейді, паразиттерді жояды. Сапрофиттік микрофлораны сақтайды, ағзаның табиғи кереғарлығын белсендіреді, ұзақ уақыт қолданған кезде үйреніп кетуге жол бермейді. «Натурсептин» кешенінің құрамындағы биофлавоноидтар холестериннің деңгейін қалыпқа келтіруге ықпал етеді, холестерин түйіншектерінің туындау қаупін төмендетеді, қылтамырлардың қабырғаларын нығайтады жәнеқан ұйығының түзілуіне тосқауыл болады.

24 100 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Ас қорытуды жақсарту және ағзаны сауықтыру үшін ферменттер кешені 

КСФ Про – бүкіл ағза жұмысына оң әсер ететін жоғары тиімді ферменттік кешен. КСФ Про құрамындағы компоненттер ас қорыту үдерістерін жақсартады, макро- және микронутриенттердің жақсы сіңуіне ықпал етеді, ішек микробиотасының (микрофлорасының) қалыпты жағдайға келуін қамтамасыз етеді, бауыр мен ұйқы безінің жұмысын қолдайды. Сондай-ақ, өнім формуласы ағзаның антиоксиданттық жүйелерінің құрамына кіретін ферменттерді қамтиды, сондықтан кешенді қабылдау кезінде дененің әрбір жасушасының жұмысы жақсарып, алмасу процестері қалыптасып, қартаю баяулайды. 

14 800 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Ағзаны кешенді тазарту

Ішек перистальтикасын және оның босалуын жақсартады, қандағы холестерин деңгейін төмендетуге ықпал етеді, улы заттарды шығарып, қандағы қант деңгейін реттейді. Ағзаның зат алмасуын жақсартуға көмектеседі.

  • Жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтады
  • Жүйке жүйесін нығайтады
19 000 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много
Біздің ағзамызда ферменттер немесе ферменттер деп аталатын арнайы ақуыздардың қатысуынсыз ешқандай биохимиялық реакция болмайды. Олар асқазан – ішек жолындағы тағамның қорытылуы мен сіңуінен бастап жасушалық энергияның пайда болуына және генетикалық аппараттың жұмысын реттеуге дейінгі әртүрлі процестерді қамтамасыз ету үшін қажет. Негізінде, біздің денсаулығымыз бен әл-ауқатымыз мыңдаған фермент молекулаларының үйлесімді жұмысына байланысты.
20 500 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Ағзаны қалпына келтіру және күйзелістен қорғау

Stression

Эмоциялық және дене жүктемелерінің салдарынан қорғайды. Шаршағанды басуға көмектеседі, тітіркенгіштік пен үрейлену сезімін кетіреді, ұйқыны қалпына келтіреді, жалпы хал-жайды жақсартады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді. Фитомикросфериралаудың патенттелген технологиясы сіңу жылдамдығын бұлшықетішілік енгізу жылдамдығындай етеді.


26 800 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Ағзаны кешенді тазарту

  • Ішектің қозғалтқыш қызметін және оның босалуын реттейді, бұл тамақтану бұзылыстарында, асып кеткен салмақта, жуан ішектердің қатерлі ісіктерінің жоғары тәуекелділігінде маңызды.
  • Ішек пен ағзаны ластаушы заттар мен токсиндерден тазартады.
  • Бөлу жүйелерінің жұмысын қалыпқа келтіреді: асқорыту тракты, өт жолдары және ұйқы безі өзектері; несеп айдаушы және қақырық түсіруші әсерге ие.
31 195 ₸
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Ағзаның жасушалық деңгейде белсенді детоксикациясы 

Әрбір жасуша деңгейінде дененің өзін-өзі тазарту және детоксикация процестерін іске қосу үшін қажетті табиғи ингредиенттер кешені. Денеден токсиндер мен аллергендерді байланыстырады және жояды, дәрілік заттардың жанама әсерлерінің ауырлығын төмендетеді. Бауыр мен ішектің ферменттік жүйелерінің жұмысын ынталандырады, оларға алкогольді және майлы тағамдарды жеңуге көмектеседі. Детокс Плюс қолдану нәтижесінде жеңілдік пайда болады, артық салмақ жоғалады, тері мен шаштың жағдайы жақсарады, ақыл-ой және физикалық белсенділік артады.

Санаттағы тауарлар топтамасы Зрение Улучшение зрения
О продукте пока что нет отзывов