Простакс Про, 30 капс.

5
1 / 3
Простакс Про, 30 капс.
5
Қаптамадағы саны:
Тауар туралы Сипаттамаға өту
Тауар коды
Түрі
Мужское здоровье
Өндіруші ел
Россия
Мемлекеттік тіркеу нөмірі
Құрамы
экстракт коры сливы африканской, экстракт плодов пальмы Сереноа, экстракт цветков опунции индийской или инжирной, цинка аспарагинат, диоксид кремния (антислеживающий агент Е551), ликопин, мальтодекстрин (носитель), желатин (капсула)     
7000 тенге
Қолжетімді Көп
Сипаттама

Арт. 8215T
Ресейде өндірілген RU.77.99.88.003.Е.003896.09. 16
Құты 30 капс.

«Простакс Про» кешені қуықасты безінің жасушаларының пролиферациясын төмендетеді. Қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әрекет етеді. Қуықасты безінің аденомасы кезінде, аденомаға байланысты несеп шығару бұзылған кезде, аденомэктомиядан және простатэктомиядан кейінгі күйде қолданылады. Ерлердің гормоналдық фонының бұзылуына әсер етпейді.

Құрамы: африкалық алхоры қабығының сіріндісі, Сереноа пальмасының жемістерінің сіріндісі, үнділік немесе інжірлік опунция гүлдерінің сіріндісі, мырыш аспарагинаты, кремний диоксиді (Е551 нығыздалуға қарсы агенті), ликопин, мальтодекстрин (тасығыш), желатин (капсула).

Биологиялық белсенді зат

Құрамында,

мг/2 капс., кем емес

Тәуліктік тұтыну

деңгейінен %

Мырыш

4,8

321

Ликопин

0,8

162

1 Тәуліктің ұсынылатын деңгейінің % КО ТР 22 (2-қосымша) талаптарына сәйкес.

2 Тәуліктік тұтынудың баламалы деңгейінің % ЕврАзЭС (5-қосымша) талаптарына сәйкес.

Компоненттердің қасиеттері:

Сереноа (Serenoarepens) пальмасының жемістерінің сіріндісі.

Жемістердің әрекет етуші компоненттері болып фитостеролдар (ситостерол, циклоартенол және т.б.), күрделі эфир нысанындағы жоғарғы май қышқылдары (каприн, каприл, лаурин, олеин жән т.б. қышқылдары), катехиндер, дәрумендер, минералдар, шайырлы заттар. 

Кешеннің әрекет етуінің негізгі механизмдері болып табылады:

а) простата жасушаларының пролиферациясын және ұлғаюын ынталандыратын белсенді нысанға – дигидротестостеронға (ДГТ) тестостеронды қалпына келтіретін фермент – қуықасты безінің 5α-редуктазасын ингибирлеу;

б) ДГТ қуықасты безінің ядролық рецепторлық жасушаларымен өзара әрекеттесуін тежеу;

в) пролактин гипофизі гормонының простата жасушаларының рецепторларымен өзара әрекеттесуін бұғаттау.

Аталған механизмдер жасушалардың пролиферациясын және қуықасты безінің ұлғаюын келісті етіп тежейді.

Кешен қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін ангиопротективті, қабынуға қарсы әсер етеді.

Африкалық алхоры (Pygeumafricanum) қабығының сіріндісі

Негізгі белсенді компоненттері: докозанол және n-тетракозанол майлы спирттерінің ферул эфирлері; тритерпеноиды урсол және олеанол қышқылдары; фитостеролдар (бета-ситостерол). Африкалық алхоры қабығы қуықалды безінің тініне қабынуға қарсы әсер етеді және секреторлық белсенділігін күшейтеді, аденома кезінде несеп шығарудың бұзылуын кетіреді, несеп-жыныс мүшелерінің инфекцияларының туындау тәуекелін азайтады, қуықтың икемдігін арттырады және жас ұлғайған сайын оның гипербелсенділігін азайтады. Урсол және олеанол қышқылдары жиі дәретке баруды, қуықтың толық босатылмауын кетіреді. Ферул қышқылының эфирлері бүйрек бездерінің секрециясын андрогендермен және кортикостероидтармен арттырады. Докозанол пролактиннің деңгейін төмендетеді және ісіктің ұлғаюын тежейді. Бета-ситостерол мен басқа фитостеролдар простатада простагландиндердің синтезіне жол бермейді, қанның тоқтап қалуы және қан тамырларының бітелуін азайтады, ісіну мен қабынуды азайтады. Тритерпеноидтар ұсақ қан тамырлар мен қылтамырлардың бүтіндігін жақсартады, простатаның қабынуын төмендетеді. Урсол қышқылы асептикалық қабынудың дамуын кідірте алады. Африкалық алхорының компоненттері қуықасты безі қабынған кезде фибробласттардың шамадан тыс өсуіне тосқауыл болады, ол үшін олардың өсуінің негізгі факторына (b-FGF) әсер етеді, сондай-ақ простатаның гиперплазия үдерісін азайтады.

   Үнділік немесе інжірлік опунция (Opuntiavulgaris) гүлдерінің сіріндісі.

Опунция гүлдерінде фитостеролдар, антоциандар, катехиндер, каротиноиддар, дәрумендер, амин қышқылдары бар, және ерекше маңыздысы, амин қышқылды аргининге бай. Ағзада аргини азот оксидінің жалғыз көзі болып табылады, ол вазодилататор болып табылады және қанмен қалыпты қамтамасыз етеді, және мүшелер мен ұлпаларды қанмен толықтыруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, сексуалдық салада және қуықасты безі қабынған кезде кезінде көмектеседі, потенцияның төмендеуіне профилактика жасайды және сперматогенезді күшейтеді. Фитостеролдар қан тоқтап қалу және қан тамырларының бітелуін азайтып, ісіну мен қабынуды азайтып, қуықасты безінде простагландиндердің синтезіне жол бермейді. Опунция гүлдерінің компоненттері антиоксиданттық әрекет етеді, бұл басқа фармокологиялық әсерлермен үйлесе отырып, қуықасты безінің аденомасына қарсы қорғаныс әрекет етеді. Әрекет етуінің маңызды аспекті болып жиі және еріксіз несеп шығаруды болдырмау, қуық бұлшықеттерін нығайту (қуық жас ұлғайған сайын әлсірейді), қуықтың қайталамалы және созылмалы қабынулары (қуықасты безінің қабынуы, цистит, уретрит) кезінде қабынуға қарсы әрекет ету. Опунция жалпы нығайтқыш әрекет етеді, ағзаның тән емес кереғарлығы мен иммунитетін арттырады.

Мырыш – өмірлік маңызды микроэлементтердің бірі. Мырыш тестостеронның биосинтезіне қатысатын осылайша оның түзілуіне ықпал ететін, потенцияны және ағзаның жалпы энергиясын арттыратын шамамен 300 ферменттің құрамына кіреді. Мырыш пен аласа пальма жемістерінің компоненттері 5α – редуктаза ферментін ингибирлейді және пролактин гормонының қуықасты безінің жасушаларына әрекетін бақылайды, олардың пролиферациясын тежейді, гиперплазияға және қуықасты безінің аденомасының дамуына тосқауыл болады.

Мырыш генетикалық ақпаратты таратуға және жасушаларда ақуыздың биосинтезіне қатысады, жарақаттардың жазылуына және зақымдалған ұлпалардың қалпына келуіне ықпал етеді, антиоксиданттық жүйенің компоненті болып табылады, аргининнен азот оксидінің түзілуін ынталандырады, атеросклерозға қарсы әрекет етеді, есте сақтау қабілетінің жақсаруына ықпал етеді, глюкозаның сіңуін реттеудің инсулиндік жүйесінің компоненті болып табылады, гемоглобиннің синтезіне және оттегіні эритроциттермен тасымалдауды реттеуге қатысады, А дәруменін тасушы – ақуыздың компоненті болып табылады, Т-жасушалық иммунитетті белсендіреді, дәмді қабылдауды реттейді, тері мен шаштың күйін жақсартады.

Ликопин 

Ликопин – қуықасты безінің жасушаларымен таңдамалы түрде шоғырланатын және онда жиналуға қабілетті бірегей қасиеті бар каротиноид. Табиғаты әртүрлі оттегінің нысандарын, соның ішінде липидтердің пероксидтерін, синглеттік оттегіні және басқаларын тиімді бейтараптандытарын белсенді антиоксидант болып табылады, белсенділігі бойынша бірқатар жағдайларда Е дәруменінен және суда ерігіш антиоксиданттардан басым болады. Ликопин 5α –редуктаза ферментін ингибирлейді, мұнымен оның онкопротенторлық белсенділігі және қуықасты безінің аденомасының дамуына тосқауыл болу қабілеті байланысты.

Ликопин холестериннің биосинтезінің негізгі ферментін (ГМГ – редуктаза) ингибирлей алады, жалпы ағзада және репродуктивті саланың мүшелерінде (сондай-ақ қуықасты безінде) атеросклероздың дамуын тежейді.

Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу. 

ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.



Сипаттамалары
Мемлекеттік тіркеу нөмірі
Тауардың салмағы, г
10
Бағыты
Мужское здоровье
Шығарылу түрі
Капсулы
Қаптамадағы саны, дана
30
Қарсы көрсеткіштері
Индивидуальная непереносимость компонентов продукта.
Жарамдылық мерзімі
35 месяцев

Қолдану

қолдану< / b>

Ересектерге тамақтану кезінде күніне 2 рет 1 капсуладан.

Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Қажет болса, қабылдауды қайталауға болады.



Бірге сатып алу
Айлық жеңілдік
25 900 тенге
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Ниет, төзімділік, иммунитет

Ерлердің еркектік қауқарын жақсартуға арналған табиғи заманауи өнім, ол ағзаға кешенді әсер етуге және жыныс дисфункциясының бұзылу себебін шешуге кешенді әсер етуге мүмкіндік береді.

10 800 тенге
Жоқ
Ұсынамыз
12 900 тенге
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Белсенді өмір үшін биологиялық қолжетімді магний

В тобы витаминдерінің әсері күшейтілген магний — созылмалы стресс, жоғары физикалық және ақыл-ой жүктемелері, ұйқыға және демалысқа уақыттың жетіспеуімен байланысты заманауи адамның міндетті құралы. Бұл факторлар жүйке, жүрек-қан тамырлары және эндокриндік жүйелерді тоздырып, ағзаның энергетикалық әлеуетін төмендетеді.

Негізгі артықшылықтары:

  • Магний мен В тобы витаминдерінің тиімді комбинациясы.
  • Ағзаның стреске төзімділігін арттыруға ықпал етеді.
  • Жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын қолдайды.
  • Энергия деңгейін жоғарылатуға көмектеседі.
  • Жүрек-қан тамырлары жүйесінің функциясын қолдайды.
11 000 тенге
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Бір сауытта микроэлементтердің толық кешені бар

Микро- және макроэлементтер ағзада аса маңызды рөл атқарады. Олардың тапшылығы денсаулыққа және адамның хал-жайына дереу әсер етеді. «Спектрамин Про» табиғи тектес кешенінің құрамында осы тапшылықты өтей алатын макро- және микроэлементтердің толық кешені бар. Ағзаның тәуліктік қажеттілігін ескере отырып, жалпы нығайтқыш әрекет етеді, салқын тию мен басқа ауруларға төзімділікті арттырады, зат алмасу үдерістерін ынталандырады, сүйектерді, шаш пен тырнақтарды нығайтады. Жоғары дене жүктемесіне ұшырайтын, созылмалы күйзелісте болатын, сондай-ақ тамақтану рационы теңгерімсіз және экологиялық қолайсыз өңірлерде тұратын адамдар үшін ерекше маңызды.


12 000 тенге
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Паразиттерден күшті қорғаныс

Денені жетілген паразиттерден, олардың личинкалары мен жұмыртқаларынан тазартудың ерекше құралы патогендік және шартты патогендік формалардың 13 түріне қарсы күшті антифукнционалды әсерге ие.  Сондай-ақ ол Candida albicans және non Candida albicans  қатысуымен пайда болған тұрақты биопленканы бұзады және асқазан -ішек жолдарының дисбиотикалық бұзылыстарының асқынған жағдайларын жеңуге көмектеседі. Инвасап Про асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын қалпына келтіруге көмектеседі және шіру мен ашу процестерін басады. Нәтижесінде жалпы әл-ауқат, иммунитет жақсарады және адамның өміршеңдігі артады. 

Сатылым хиті
9 150 тенге
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Грейпфрут сүйекшелерінің сіріндісі негізіндегі жаңа, табиғи, өсімдік тектес кешен – антибиотиктердің баламасы және профилактиканың сенімді құралы.

ВИТАМАКС ұсынған Натурсептин (грейпфрут сүйекшелерінің сіріндісі) – бактерияларға қарсы, зеңдерге қарсы және вирустарға қарсы күшті әрекет ететін жаңа бірегей табиғи кешен. Ол зеңдердің 100-ден астам штаммдарының және вирустар мен бактериялардың 800-ден астам штаммдарының өсуі мен көбеюін тежейді, паразиттерді жояды. Сапрофиттік микрофлораны сақтайды, ағзаның табиғи кереғарлығын белсендіреді, ұзақ уақыт қолданған кезде үйреніп кетуге жол бермейді. «Натурсептин» кешенінің құрамындағы биофлавоноидтар холестериннің деңгейін қалыпқа келтіруге ықпал етеді, холестерин түйіншектерінің туындау қаупін төмендетеді, қылтамырлардың қабырғаларын нығайтады жәнеқан ұйығының түзілуіне тосқауыл болады.

24 100 тенге
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Ас қорытуды жақсарту және ағзаны сауықтыру үшін ферменттер кешені 

КСФ Про – бүкіл ағза жұмысына оң әсер ететін жоғары тиімді ферменттік кешен. КСФ Про құрамындағы компоненттер ас қорыту үдерістерін жақсартады, макро- және микронутриенттердің жақсы сіңуіне ықпал етеді, ішек микробиотасының (микрофлорасының) қалыпты жағдайға келуін қамтамасыз етеді, бауыр мен ұйқы безінің жұмысын қолдайды. Сондай-ақ, өнім формуласы ағзаның антиоксиданттық жүйелерінің құрамына кіретін ферменттерді қамтиды, сондықтан кешенді қабылдау кезінде дененің әрбір жасушасының жұмысы жақсарып, алмасу процестері қалыптасып, қартаю баяулайды. 

14 800 тенге
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Ағзаны кешенді тазарту

Ішек перистальтикасын және оның босалуын жақсартады, қандағы холестерин деңгейін төмендетуге ықпал етеді, улы заттарды шығарып, қандағы қант деңгейін реттейді. Ағзаның зат алмасуын жақсартуға көмектеседі.

  • Жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтады
  • Жүйке жүйесін нығайтады
19 000 тенге
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много
Біздің ағзамызда ферменттер немесе ферменттер деп аталатын арнайы ақуыздардың қатысуынсыз ешқандай биохимиялық реакция болмайды. Олар асқазан – ішек жолындағы тағамның қорытылуы мен сіңуінен бастап жасушалық энергияның пайда болуына және генетикалық аппараттың жұмысын реттеуге дейінгі әртүрлі процестерді қамтамасыз ету үшін қажет. Негізінде, біздің денсаулығымыз бен әл-ауқатымыз мыңдаған фермент молекулаларының үйлесімді жұмысына байланысты.
20 500 тенге
Қолжетімді Аз 
Қолжетімді мало

Ағзаны қалпына келтіру және күйзелістен қорғау

Stression

Эмоциялық және дене жүктемелерінің салдарынан қорғайды. Шаршағанды басуға көмектеседі, тітіркенгіштік пен үрейлену сезімін кетіреді, ұйқыны қалпына келтіреді, жалпы хал-жайды жақсартады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді. Фитомикросфериралаудың патенттелген технологиясы сіңу жылдамдығын бұлшықетішілік енгізу жылдамдығындай етеді.


26 800 тенге
Қолжетімді Аз 
Қолжетімді мало

Ағзаны кешенді тазарту

  • Ішектің қозғалтқыш қызметін және оның босалуын реттейді, бұл тамақтану бұзылыстарында, асып кеткен салмақта, жуан ішектердің қатерлі ісіктерінің жоғары тәуекелділігінде маңызды.
  • Ішек пен ағзаны ластаушы заттар мен токсиндерден тазартады.
  • Бөлу жүйелерінің жұмысын қалыпқа келтіреді: асқорыту тракты, өт жолдары және ұйқы безі өзектері; несеп айдаушы және қақырық түсіруші әсерге ие.
31 195 тенге
Қолжетімді Көп 
Қолжетімді много

Ағзаның жасушалық деңгейде белсенді детоксикациясы 

Әрбір жасуша деңгейінде дененің өзін-өзі тазарту және детоксикация процестерін іске қосу үшін қажетті табиғи ингредиенттер кешені. Денеден токсиндер мен аллергендерді байланыстырады және жояды, дәрілік заттардың жанама әсерлерінің ауырлығын төмендетеді. Бауыр мен ішектің ферменттік жүйелерінің жұмысын ынталандырады, оларға алкогольді және майлы тағамдарды жеңуге көмектеседі. Детокс Плюс қолдану нәтижесінде жеңілдік пайда болады, артық салмақ жоғалады, тері мен шаштың жағдайы жақсарады, ақыл-ой және физикалық белсенділік артады.

Санаттағы тауарлар топтамасы Мужское здоровье Мужское здоровье
О продукте пока что нет отзывов